Елордада шұғыл түрде ота жасалып, жүкті әйелдің миындағы ісік алынды. Аталған ота пациентке тегін, яғни МӘМС жүйесінде квота бойынша жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ, әйел жүктілігін жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.