17 ақпанда елордалық құтқарушылар дәстүр бойынша қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды. Осы күні қаза болғандарды еске алу құрметіне «Құтқарушылар» саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.