Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр, оның басым бөлігі – уақытылы екпе алмағандар, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.