Ақтөбе облысындағы «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Эльвира Хабибуллинаны көпшілік жақсы таниды. Жүрген жерін әрдайым шаттық пен қуанышқа толтырып, өзгелерді кішіпейілділігімен баурап алатын татар қызы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Мереке қарсаңында біз бірлестік төрайымымен әңгімелескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.