Батыс Қазақстан облысында жаңа тірек мектеп жабдықталды. «Қазақстан халқына» қоры мен Тұрақты білім беруді дамыту қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 жалпы білім беретін мектебінде 35 оқу кабинеті мен шеберханасы жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.