Еңбекминінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мәселелері қаралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және тариф белгілеу стандарттарын жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсететін ірі интернат-үйлерді кезең-кезеңімен институционализациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін 2022 жылы ҚР ЕХӘҚМ Жобалық офисі жанынан құрылған 6 жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңеске барлығы 46 ҮЕҰ өкілдері және мүгедектігі бар адамдардың 6 белсенді өкілі қатысты. Кеңес барысында Министрліктің жобалық офисі сыйымдылығы аз үйлерге тапсырыс беру жобасын таныстырды. Жұмыс топтарының мүшелері қатысушыларды қызметтердің неғұрлым сұранысқа ие түрлерін анықтау үшін әзірленген матрицалармен таныстырды, еліміздің барлық медициналық-әлеуметтік мекемелері қызметкерлерінің сапалық құрамын талдау және оларға жүктеме туралы айтып берді. Сондай-ақ сыйымдылығы аз үйлерде тапсырысты орналастыру үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі қаралды, пилоттық жобаға қатысатын өңірлер анықталды. Талқылау қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар сыйымдылығы аз үйлерге тапсырыс беру жобасын мақұлдады. Кеңесті қорытындылай келе, министр Тамара Дүйсенова жұмыс топтарының мүшелеріне әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру және тариф белгілеуді енгізу бойынша көлемді және жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол Парламент Сенаты қабылдаған ҚР Әлеуметтік кодексті ескере отырып, заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Читать источник baq.kz
Маңғыстау облысында 661 адам мүгедектікті рәсімдеу жәрдемақысынан заңсыз айырылған
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Доллар 489 — 492 теңгеден саудаланып жатыр
Түркістан: Қазығұрт ауданын дамыту бойынша тапсырма берілді
Соңғы 5 жылдағы ұн өнімдерін тиеу бойынша тарихи рекорд жасалды
Алматыда 6 қарашада Азия хоккей чемпионаты басталады
Алматылық дәрігерлер бүйректегі қатерлі ісікті жою үшін бірегей ота жасады
Алматыда шайбалы хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді
Тіс жұлдырған соң қан кетуін қалай тоқтатамыз?
Қазақстан Президентін Францияда қалай күтіп алды?
Аязда да асфальт төсеуге болады
Алматыда 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізу жалғасуда
Алматыда тауық етінің бағасы бекітіледі
Алматыда тауық етінің бағасы бектіледі
АҚШ-та сайлау басталды
Қазақстанда дәрігерлік қателіктер үшін сақтандыру төлемдері енгізілді
АҚШ-та президент сайлауы басталды
Алматыда жаңбыр мен қар: коммуналдық қызметтер қауіпсіздік шараларын күшейтті
Қазақстан мен Франция президенттері Гиме азиялық өнер музейіне барды
Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға қосымша қабылдау басталды
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: апта сайын фермерлердің жаңа өнімдері ұсынылады
Павлодарда есірткімен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері анықталды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Франция арасында бірлескен жұмыстар туралы айтты