Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "қандас" мәртебесін беру тәртібін жеңілдетпек. Бұған дейін тек Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі және "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беру мүмкін болған. Енді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы да мұндай өтініштерді қабылдайтын болды. Бұл туралы министрліктің Ашық НҚА порталында жариялаған құжат жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңалықтар





































