Энергетика министрлігі Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулына сәйкес, 17 трлн теңге сомасына 60 жоба әзірледі. Энергетика саласындағы инвестициялық жобалар экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз етуге, энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, жұмыс орындарын құруға, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, сондай-ақ энергетикалық нысандарда инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.