Энергетика министрлігі 1 шілдеден бастап ішкі нарықта тұтынылатын газдың көтерме саудадағы бағасын арттырады. Қазіргі бағаға орташа есеппен 3 теңге қосылады. Ведомство ақпаратына қарағанда, қазір газдың текше метрі орта есеппен 20,64 теңге болса, өзгерістерден кейін 23,64 теңге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.