Халықаралық телеарна іске қосылады

Президент Телерадиокешені халықаралық телеарнаның 1 қыркүйектен бастап іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды  BAQ.KZ. Президент Телерадиокешенінің мәліметінге, телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығармақ. Сонымен бірге, Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі. Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл   күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр, - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында.

Читать источник baq.kz
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Қазақстанда қанша адам тұрады?: статистика өзгерді
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Сенаторлар Qazcontent ұжымымен кездесті
Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадағы жаттығуына қашан оралады?
Көлікті өрттен қалай қорғауға болады?
Негізсіз жұмсалмақ болған 55 миллиард теңге бюджетке қайтарылды
Мәжілісмендер Петропавлда құны 851 млн теңгелік бөгет жұмысымен танысты
Музыкалық мектеп 18 мың бөтелке сірке суын сатып алмақ болған
Өнерде тұлғаларды бай мен кедей деп бөліп зерттеу олардың есімін ұрпақ санасынан өшірді – күйші Жанғали Жүзбай
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
2024 жылы елімізде 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды
Алдағы үш күнде елімізде 25 градусқа дейін аяз болады
Еуропа елдерінде тұмау өршіп тұр
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған