Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Руслан Баймишев Армения Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесу барысында өнеркәсіп, көлік, авиация және басқа да салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен тереңдету перспективаларын талқылады.