Индонезияның шығысындағы Нуса-Тенгара провинциясынан жұрт жаппай эвакуацияланып жатыр. Бұған Левотоби жанартауының оянуы себеп. Ол алтыншы күн қатарынан атқылап жатыр. Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.