Қазір жаһандану заманы бізге көп мүмкіндіктерге жол ашты деп мақтанамыз. Бірақ оның салдары да бізді айналып өтпей тұр. Бір қате сілтемеге өту- бір адамның тағдырына әсер етіп, өмір бойы жиған қаржысын әп-сәтте жоқ қылуы мүмкін. Әлем елдері интернеттегі алаяқтықпен күресте әлдеқашан жаңа, заманауи тәсілдерге көшкен. Басқа мемлекеттер пайдаланатын тәсілдер қандай, Қазақстан ол тәжірибелерден қандай сабақ алу керек деген сұрақтарға BAQ.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.
Интернет-алаяқтықпен күрес: кім қалай қорғанады және Қазақстан нені үйренуі керек?
Жаңалықтар