Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан "IQanat High School of Burabay" мектебінің аумағында жазғы лагерь өтуде. Лагерьдің 17-28 шілде аралығындағы үшінші маусымы ерекше болды – ол Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 167 баланың басын қосты.