Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына 1,15 млрд доллар инвестиция салады. Тараптар Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) тиісті келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.