Өз Отанын қорғау – әрбір ер азаматтың парызы. Ал қазіргі таңда Отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаздарға қойылатын міндет қандай және олармен қандай тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі? Осы және басқа да сұрақтар төңірегінде 6655 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Дәурен Жағыпаровпен әңгімелескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.