Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қарағанды қаласында өткен мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі көшпелі отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.