Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Құжатта Кәсіподақтар федерациясы әрдайым түрлі алаңдарда көтеріп жүрген қарапайым еңбек адамына лайықты жағдайды қамтамасыз ету, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жалпы еңбек ұғымының айналасындағы өзекті мәселелер қамтылды. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мәселесіне де баса көңіл бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.