Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова қосымша білім беру жүйесіндегі құрылымдық және бюджеттік проблемаларға назар аударды. Бұл мәселе бүгінгі технологиялық және әлеуметтік өзгерістер кезеңінде тек «қызығушылық клубтары» емес, адам капиталын қалыптастырудың маңызды элементі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.