Жамбы ату – қазақтың ежелден келе жатқан рухты ойындарының бірі. Құралайды көзге атқан мергендер жүйрік атпен шауып бара жатып, бағанға ілінген жамбыны садақпен атып түсіретін болған. Көшпенділер ойынын да бұл спорт түрінен атқа қонған мергендер сынға түседі. Спортшылардың дайынығын білу үшін «Жамбы ату» федерациясының бас директоры Елнұр Исақұлмен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.