Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. 2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламасына кезең-кезеңімен енеді. BAQ.KZ бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.