Жапония коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген кіру шектеулерінің көпшілігін алып тастады. Енді шетелдіктер туристік топтардың құрамында емес, ел бойынша қайтадан жеке саяхаттай алады. Жапониямен визасыз режим келісімі бар елдердің туристеріне виза алу талабы да жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.