Абай облысы Полиция департаменті Instagram желісіндегі mysemey парақшасында жарияланған №22 автобус жүргізушісінің кәмелетке толмаған жолаушыны түсіріп жіберген оқиғасына қатысты жүргізілген тексерістің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.