Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауылында заманауи форматтағы шағын кофехана ашқан Әсем Шукатова мемлекеттік қызметтен кетіп, туған жерінде өз ісін бастауды таңдаған. Ол бұл жобаны жай ғана бизнес емес, ауыл тұрғындары үшін жылы әрі жайлы кездесу орны болсын деген ниетпен қолға алған. BAQ.KZ тілшісіне берген сұқбатында ол өмір жолын, кәсіп ашуға қалай бел буғанын, алғашқы қиындықтар мен бүгінгі жағдайды және алдағы жоспарларын баяндап берді.