Қазақстанда өңірлік және жергілікті деңгейдегі сайлауларда мажоритарлық принцип сақталады. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жекелеген партиялардың осы жүйеден бас тарту жөніндегі ұсыныстарына түсініктеме бере отырып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.