Түркістан облысындағы Жетісай ауданында орын тепкен Б.Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды.