Жетісу облысы мен Қытайдағы Іле-Қазақ автономиялы облысы арасындағы ынтымақтастық байланыстар жанданады. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Талдықорғанда қытайлық делегациямен кездесуі барысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды, - деп хабарлайды BAQ.KZ. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.