Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, 1 қазандағы мәлімет бойынша Жетісу өңіріндегі жұмыспен қамту органдарына 12 440 жас жүгінген, соның 6577-сі жұмысқа орналастырылды, сол қатарда 3931 жас тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.