Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп көптеген рейстердің кешігуіне және жолаушылардан түскен шағымдарға байланысты тексеруді жалғастыруда.