Айнагүл Болатқызы – 21 шақырым қашықтықты үш рет бағындырған жартылай марафоншы. Ол осы хоббиін 5 жыл бойы отбасымен және кеңседегі жұмысымен қатар алып жүр. Сондай-ақ былтырдан басқаларға жүгіру техникасын үйретіп келеді. BAQ.KZ тілшісі жартылай марафоншыдан оның жүгіруге қалай келгенін және бұл спорт түрінің Айнагүлге не бергенін сұрады. Сұхбатта ақылы марафондар мен денсаулыққа зиян тигізбей жүгіру тақырыптары да қозғалды.