Қазір елордада екі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Бірі – "Астана – жаңа қала", екіншісі – "Астана-Технополис" экономикалық аймағы. Осы АЭА-тың басқарушы компаниясы – "Astana Invest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығы. Бүгінде орталыққа қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.