Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтуды арттыру мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың және жаңа орындарды ашудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.