Primeminister.kz сайтының редакциясы елдегі даму қорытындысы туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда. 2024 жыл – білім беру жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Мектепке дейінгі деңгейден бастап техникалық және кәсіптік деңгейге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттар іске асыру сатысында.