Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 22 маусым сағат 00:00-ден 23 маусым сағат 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.