Былтырдың басында болған Қаңтар оқиғасы кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытты. 400-ден аса ұландық әскери қызметші әртүрлі деңгейдегі жарақат алса, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.