«Шырақ» тіл орталығы осы жылдың маусым айында Қарағанды автобустарында қазақ тілі бойынша бейнесабақтар ұйымдастырды. Оның қызметкерлері тілдерді оқыту бойынша тегін курстар өткізіп қана қоймай, әлеуметтік жобалармен де айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.