Шахтинск қаласынан екі шақырымдағы Ленин атындағы шахта аймағындағы жасанды су қоймасында 1958 және 1967 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірлік ТЖД мәліметінше, олар 1 маусымда қайықпен су айдынына шығып, сол күйі кері оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.