Қарағанды өңірінің қалааралық автобустарында жол ақысы бірден арзандайды. Себебі облыс орталығынан Теміртау, Шахтинск, Саран, Топар, Шахан секілді жақын маңдағы шағын шаһарларға қатынайтын 7 рейске электронды жүйе енгізілгелі отыр. Сөйтіп барлығына ортақ тариф бекітіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.