Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы өрт сөндіруші-құтқарушы Хали Хайрат қаза тапқан еді. Хайрат Хали - Саран қаласының 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі болып қызмет еткен. Салада 10 жылға жуық еңбек еткен. BAQ.KZ тілшісі Қарақаралы өңіріне барып, марқұмның туған бауыры Еламан Халимен сұхбаттасты.