Миокард инфарктісін бастан өткерген және кардиологиялық оңалту бағдарламасына кірген пациенттерде өлім-жітім 63%-ға төмендейтіні дәлелденді. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Әсел Ілиясова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.