Жетісу өңірінде Ақсу ауданына қарасты Ақтөбе ауылы бар. Суықсай ауылдық округінің бір бөлігі. Уағында дүркіреп тұрған Қапал ауданының Қытаймен шекаралас шеткі нүктесі саналған. Қазір есепте жоқ елді мекен. Әйтсе де байырғы жұрт атамекенін тастап кетуге қимайды. Өкініштісі сол, табиғаты көркем ауылды өңірдің картасына таба алмайсыз. Ал, құйқалы мекенді қайтсекте аман алып қаламыз деген ағайын азар да безер, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.