"Қазгидромет" дерегінше, 2006 жылдан бері судың деңгейі 2 метрге төмендеген. Бұл құбылысты Ақтау тұрғындары да байқап, интернетке видеолар жүктеп жатыр. Көпшілік бірнеше жыл бұрын түсірілген қала жағажайы мен оның бүгінгі көрінісін салыстырып, теңіздің тартылу себебін анықтау қажет деп дабыл қағып жатыр. Ал табиғат жанашырлары Каспий теңізін ғылыми-зерттеу институтын құру жұмыстарын жеделдетуді сұрайды, , деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.