Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаев пен оның сенімді адамы Нахановқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Ибулла Серді және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайырға қатысты істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.