Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Казем Гарибабадимен кездесті. Кездесуде Таяу Шығыстағы және жалпы әлемдегі қазіргі ахуалдың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.