Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов өмір жолын Қарулы күштердегі қызметпен байланыстырған қыз-келіншектермен кездесті. Ведомство басшысы жиынға келушілерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ел Қарулы күштерінде күрделі әрі абыройлы әскери қызметте жүрген әйелдерге шын жүректен алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.