Қазақстанда «Made in Kazakhstan» деген жазуы бар, бірақ шын мәнінде елде өндірілмейтін тауарлар көбейіп барады. Қағаз жүзінде отандық өнім ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде олар шетелден дайын күйінде әкелініп, қазақстандық нарықта еркін сатылып отыр. Бұл мәселені BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берген QazIndustry – Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның ірі кәсіпорындар айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекциясының басшысы Жансая Жақыпова ашық айтты.