Бүгінгі Сенат отырысында депутат Жанна Асанова Қазақстандағы фармацевтикалық өндірістің басты мәселесін көтерді. Оның айтуынша, мемлекет отандық компаниялардан толық циклді өндіріс талап етеді, алайда елімізде дәрілік субстанция өндірісі мүлдем жолға қойылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.