Жаңа нарыққа есік ашқан жаңа шойын жол Қазақстан және Түркіменстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтты. Екі жақты тауар айналымы мен жолаушылар тасымалына 10 жыл бойы үлес қосқандар марапаттан кенде қалмады. Оларға «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан Республикасының теміржол қатынасына 10 жыл» мерекелік медалі табыс етілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.