Transparency International ұйымының 2025 жылғы Коррупцияны қабылдау индексі бойынша Қазақстан 182 елдің ішінде 96-орынға орналасып, 38 балл жинады. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі балл төмен, яғни сыбайлас жемқорлық деңгейі артқанын көрсетеді. Елдің ең әлсіз бағыттары – демократиялық институттар, сот тәуелсіздігі және медиа еркіндігі, ал бизнес жүргізу жағдайлары салыстырмалы түрде жоғары бағаланған, - деп хабарлайды BAQ.KZ.