Парижде Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің 13-отырысы аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен сумен жабдықтау және канализацияны тұрақты басқаруда әлемдік көшбасшы - SUEZ International компаниясы Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.